Медиа-центр

Город Алматы

Алматы қаласында Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық серіктестік мәселелері талқыланды

Алматы қаласында Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық серіктестік мәселелері талқыланды

2019 жылғы 18 қараша күні Алматыда Хубэй провинциясымен сауда-экономикалық серіктестікті дамыту жөніндегі Қазақстан-қытай конференциясы өткізілді.

Екі ел кәсіпорындарының серіктестігін дамыту, өндірілетін өнім экспорты мен импортын кеңейту, қазақстандық өзекті жобаларға инвестициялау тақырыптарын қарастыру конференцияның негізгі мақсаты болды.

ҚХР делегациясының құрамына провинцияның халықаралық саудасын дамытуға қолдау жөніндегі қытайлық кеңес төрағасының орынбасары Шаньдун Ван Юн, Алматы қаласындағы ҚХР бас консулдығының сауда кеңесшісі Ма Чжи, Қазақстандағы қытайлық кәсіпкерлер одағының бас хатшысы Ху Хайсинь, сондай-ақ, Хубэй провинциясы қалаларының сауда палаталарының бірқатар басшылары мен ірі кәсіпорындар өкілдері кірді.

Қазақстандық тараптан «Қазақстан-Қытай сауда дамыту қоғамы» ЗТБ Басқарма төрағасы Қанат Бейсеков, Қазақстанның сыртқы сауда палатасы басқарамасының төраға орынбасары Нұралы Бөкейханов, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Алматы қаласы бойынша өкілдігінің басшысы Берікбол Медібаев, сондай-ақ, отандық бизнес қауымдастығының өкілдері қатысты.

«Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктері» тақырыбындағы презентацияны ұсыну барысында Б. Мендібаев инвесторларды қолдаудың үш деңгейлі жүйесі, бизнесті жүргізудің қолайлы ортасы, тауашалы жобалар, сондай-ақ, Алматы қаласының индустриалды және арнайы экономикалық аймақтары жөнінде айтып берді.

«KAZAKH INVEST» инвестиция мәселелері бойынша елдің Үкіметі атынан бірыңғай келіссөз жүргізушісі болып табылады. Біз инвесторлар үшін «жұмсақ инфрқұрылымды» қалыптастырдық: қазақстандық заңнама мен рәсімдерді түсіндіру жөніндегі жүйелі жұмыс оңалтылды, шешімдерді қабылдаудың айқындылығы қамтамасыз етілді, әкімшілік ауыртпашылық төмендетілді. Біздің міндет – шетелдік инвесторлардың Қазақстандағы жұмысы үшін максималды қолайлы шарттарды құру», - деп атап өтті спикер.

Қазақстандық тарап конференция алаңында өз мүмкіндіктерін таныстырудан басқа, қытайлық әріптестермен B2B үлгісінде бірқатар кездесулер өткізді. Кездесулер барысында отандық кәсіпкерлер өздерінің әрекет етуші кәсіпорындарына жаңа технологиялар енгізуге, өнеркәсіптік, сондай-ақ, ауыл шаруашылық салаларда жаңа кәсіпорындар құру және оларды іске қосу үшін инвестициялар тартуға қызығушылық танытты.

Іс-шараның ұйымдастырушысы ретінде Хубэй провинциясының Халықаралық сауданы дамытуға қолдау жөніндегі қытайлық комитеті мен «Қазақстан-Қытай сауда дамыту қоғамы» ЗТБ қатысты.

Қытай Қазақстанның басты стратегиялық әріптестерінің бірі болып табылады. 2018 жылы ҚХР-ның біздің республикамыздың экономикасына тікелей инвестициялар көлемі 1,5 млрд. АҚШ долларын құрады, 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында Қытайлық жалпы инвестициялық ағын 362 млн. АҚШ долларына жетті.

Установите приложение:
1) Откройте сайт в Safari
2) Нажмите сохранить
3) Добавить на экран домой